Жаңалықтар тізбегі
0

Баласын таспен ұрған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2018 17:02 Хабар 24
6 шілдеде Алматыдағы Шығыс айналма автожолының бойында басынан ауыр жарақат алған 4 жасар бала табылған болатын.

Өз баласын таспен өлімші етіп ұрған күдікті Мұрат Асқароғлыны қамауда ұстау мерзімі 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік 16 шілдеде Алматыдағы Шығыс айналма автожолының бойында басынан ауыр жарақат алған 4 жасар бала табылған еді. Алғашында белгісіз біреу көлігімен соғып кетіп, ізін суытқан деген болжам айтылған. Алайда полицейлер бейнебақылау камералары мен басқа да дереккөздерді зерттей келе, күдікті ретінде баланың әкесі Мұрат Асқароғлыны қамауға алған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деген айып тағылып отыр.

– Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Мұрат Асқароғлыға қатысты бұлтартпау шарасы-қамауда ұстау үш ай мерзімге ұзартылған. Яғни бірінші қарашаға дейін. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді қалалық соттың баспасөз қызметі жетекшісі Диас Махамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: