Қостанай тұрғынын өз көлігінде өлтіріп кетті

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2018 15:32 Sputniknews.kz
Ер адам екі апта бұрын қаза тапқан. Полицейлер күдіктіні ұстады.

Қостанайда зорлық-зомбылықтан өлген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте болған, бірақ бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында енді ғана жарияланды. Мәйіт үйдің ауласындағы Ford Transit көлігінен табылды.

Полицияның хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол 29 жастағы жігіт болып шықты, күдікті жанжал кезінде ер адамды буындырып өлтіргенін мойындады.

"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: