Павлодар – Омбы тас жолында болған жол-көлік оқиғасы бір адамның өмірін қиды
zaxid.net
Тағы бір адамның жамбас сүйегі сынып, аудандық ауруханаға жеткізілген.
Жан түршігерлік апатта 37 жасар әйел көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген бейнетаспа Instsgram желісіндегі kolesa_pavlodara қоғамдастығында жария етілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, апатта зардап шеккен тағы бір азамат – 1979 жылғы ер адам жамбас сүйегінің сынығымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
- Апат туралы ақпарат 10:57 сағатта келіп жетті. 1981 жылғы әйел апатта алған аса ауыр жарақаттардың салдарынан қайтыс болды. Орталық аудандық ауруханаға жамбас сынығыммен жеткізілген 1979 жылғы ер адамға ем-шаралар қолдануда, - деп хабарлады Эльмира Темірғалиева.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript