Жаңалықтар тізбегі
0

Астанаға жарысқа келген бишілерді тонап кетті

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2019 23:01 Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Ер адам киінетін бөлмеде тұрған қаракүзенді ішік пен ұялы телефондарды жымқырған.

Астана қаласы "Есіл" ауданының полиция қызметкерлері екі бірдей ұрлыққа қатысы бар күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ер адам қонақ үйде спорттық жарыстан өтіп жатқан чемпионат қатысуышларының киіну бөлмесінде тұрған қаракүзенді ішік пен ұялы телефондарын қолды қылған.

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері Павлодарда күдікті адамды ұстаған. Ол бұрын сотты болған 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тұтқындалған азамат Астана қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал қолды болған ішік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2019 23:01

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2019 23:01

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес (Ұрлық) сот алды тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар ұсталған адамның елорда аумағында жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатысының барлығы анықталуда.

Осы адамның құқық бұзушылық әрекеттерінен зардап шеккен немесе қандайда бір ақпарат білетін азаматтар болса Бейбітшілік, 19 мекен-жайында орналасқан Астана қалалық Полиция департаментіне хабарласуы немесе 8 (7172) 71-60-69; 71-60-24 және "102" телефон нөмірлеріне қоңырау шалуы сұралады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: