Павлодарда қаруланған ер адам ұялы телефон дүкенін тонап кетті

Павлодар облысы, пышақ, телефон дүкені, қарақшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 11:43 Сурет: pixabay
Павлодарда 22 желтоқсанда пышақпен қаруланған ер адам ұялы телефон дүкеніне түсіп, бірнеше ұялы телефон мен ақшаны ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы телефон дүкенінде белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, оның қол-аяғын байлап, 25 ұялы телефонды, оған қоса 305 мың теңгені алып кеткен.

Полицияның мәліметінше, жалпы шығын көлемі шамамен 12 миллион теңге болды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: