Үкіметтік комиссия Таразда болған ТЖ себептерін тексеріп жатыр
Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 ақпанда сағат 06-21-де Тараз қаласында 9 ықшам ауданындағы 62-ші үйдің 1-3 қабаттары құлаған (алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыс 2-ші қабаттағы 46-шы пәтерде болған).
ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті. Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №47 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде.
ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.
Жедел штаб құрылды, +7- 7262 - 513575 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.