Жаңалықтар тізбегі
0

Шекарашылар браконьерлердің торынан 400 келіден астам бекіре тұқымдас балықты құтқарып қалды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2019 17:06 pixabay.com
Әртүрлі браконьерлік құрал-жабдықтар тәркіленген.

Өткен тәулікте теңіз шекарашыларының бір кемесі ғана Мемлекетке келтірілуі мүмкін 100 000 000 теңге шығынының алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасының "Сардар" шекаралық кемесі еліміздің теңіздегі шекарасын күзету бойынша тапсырманы орындай жүріп, теңізден 12 000 м. калада, 6000 ілмекті аудың барын анықтап, артынша оларды жинап алып, 400 килограммға жуық бекіре тұқымдас балықты құтқарып, қайтадан теңізге жіберді.

Сөйтіп шекарашылар Мемлекетке келтірілуі мүмкін 100 000 000 теңгеге жуық шығынның алдын алды.

Жалпы, шекарашылар өткен екі айда ғана мемлекетке балық бойынша 300 миллионға жуық теңге зиян келтірудің алдын алды. Браконьерлерден 6,5 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын тәркіледі.

2019 жылдың өткен екі айында (1 қаңтардан 28 ақпанға дейін) теңіздегі шекаралық кеңістікті күзету міндеттерін орындау және шекаралық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды атқару барысында жалпы көлемі 87 911 метр браконьерлік құрал-жабдықтар (15 311 метр әртүрлі аулар, 72 600 метр коллада) тәркіленіп, жалпы салмағы мың килограммға жуық бекіре тұқымдас және бағалы тұқымды балықтар құтқарылып, қайтадан теңізге жіберілген болатын.

Екі айда атқарылған шаралардың нәтижесінде шекарашылар мемлекетке 293 миллион теңге зиян келтірудің алдын алды. Браконьерлерден 6,5 миллион теңгенің құрал-жабдықтары тәркіленді.

Теңіз шекарашылары теңіз байлығына, судағы биологиялық қорға суық қолдарын сұғушылармен күресті ымырасыз жалғастыра береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: