Қазақстандық шекарашылар иесіз қалған 400 келіден астам қытай тауарларын анықтады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2019 16:52 Zakon.kz
Олар сонымен қатар шекарадан 140 килограммнан астам қытайлық дәрі-дәрмек алып өтпек болған контрабандашыны ұстаған.

"Қорғас" Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар кеденшілермен бірге жүздеген килограмм иесіз қалған заттар мен мемлкеттік шекерадан заңсыз контрабандалық дәрі-дәрмек алып өтпек болған контрабандашаның жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметііне сілтеме жасап.

"Кеше, 11 наурыз күні таңертеңгі сағат 9.30-дар шамасында Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан шекарашылар кеденшілермен бірге 4 центнерге жуық иесіз жүк – Қытайда шығарылған халық тұтынатын тауарлар тауып алды. Ал кешкілік, сағат 19.20-ларда Орталық аумағынан қайтып, шекаралық және кедендік тексеруден өтіп болған 29 жастағы қазақстандықтан азаматынан шекарашылар заңсыз жүк – 146 кг қытайлық дәрі-дәрмек тауы алған", - деп хабарлап отыр ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркіленген заттар актімен "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: