Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда ставка тігетін алаяқ ұсталды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 22:05 pxhere.com
Интернеттегі алаяқтық түрлерінің бірі – спорттық ставкалармен ақшаны көбейтіп беру.

Кем дегенде 17 рет интернет-алаяқтық жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап.

Интернеттегі алаяқтық түрлерінің бірі – спорттық ставкалармен ақшаны көбейтіп беру.

Алаяқ былай істеген: instagram желісінде жалған аккаунт ашып, спортқа ставка тігу арқылы ақшаңызды көбейтіп беремін деген қызмет ұсынған. Жұртты сендіру үшін парақшасына мол ақша мен ұтып шыққан ставкаларының суреттерін жүктеген.

Алаяқ клиенттерімен WhatsApp арқылы тек хат жазысып сөйлескен. Дауысын танымас үшін. 100% ұтысқа уәде беріп, ақшаны киви-кошелекке аударуды талап еткен. Бірақ ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілердің нөмірлерін блоктап отырған. Іс жүзінде ешқандай ставка тікпеген, ақшаны өз қалауынша емін-еркін жұмсаған.

Қазір оған қатысты 17 эпизод бойынша тергеу жүргізілуде, алайда жәбірленушілер саны тағы көбеюі мүмкін.

Нұр-Сұлтан полициясы интернет қолданушыларын сақ болға шақырады, алаяқтарға алданбауға шақырады.

Егер осындай алаяқтардан зардап шеккендер болса, Бейбiтшiлiк көшесі, 19 немесе 71-60-10, 71-63-35, 71-62-91 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: