Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында студент мектеп оқушысына оқ атты

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 18:08 pxhere.com
Оқ атқан бозбаланың қандай жаза арқалары әзірге белгісіз.

Павлодар облысында кәмелетке толмаған студент мектеп оқушысына оқ атып, көзін жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Пневматикалық мылтықтың оғынан жанары жараланған жеткіншек, қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер сөзінше, оқ жасөспірімнің сол көз жанарына дәл тиген. Полиция қылмыстық іс қозғап, кәмелет жасына толмаған студенттің пневматикалық қаруды қайдан алғанын анықтауға кіріскен.

Сол көзіне оқ тиіп аман қалған 14 жасар Ақжол, есін біліп жатса да болған жайтты баяндап беруге келіспеді. Ата-анасының айтуынша, далада ойнап жүрген ұлына көрші үйдің баласы пневматикалық мылтықтан оқ атқан. Көзін ұстап үйге келген жеткіншектікке жедел-жәрдемді анасы шақыртыпты.

Бақытгүл Аққубай, оқушының анасы:

- Енді бәрі өз баласын қорғайды ғой. Енді ақырын сөйлессем, мен алдында жүгіріп бара жатқам, соны дәлдеді дегендей қылады.

Ақхалаттылар шұғыл ота жасалғанымен оқты алып шығу мүмкін болмады, - дейді.

Гүлсара Тәмпішова, Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы:

- Көз дене мүшесі ретінде сақталған, бірақ көру функциясын атқара ма, жоқ па, оны әзірге айта алмаймыз. Балаға тиісті ем-домның бәрі жасалуда. Ал алдағы уақыттағы жағдайын көз институтының мамандарымен тілдесе шешетін боламыз.

Енді баланың жанарындағы оқты алып шығу үшін Алматыға жібермекші. Полицейлер болса, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғап, оқ атқан студенттің пневматикалық мылтықты нақты қайдан алғанын анықтауға кіріскен.

Жанна Белялова, Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Кәмелет жасына толмаған ер баланың айтуынша, ол пневматикалық қаруды көл жағасынан тауып алған. Осы дәйекке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқ атқан студенттің өзі заңды өкілдерімен бірге үйінде.

Ал көзіне оқ тиіп, ауруханаға түскен 14 жасар жеткіншек үйінің кенжесі екен. Былтыр отбасымен өңірге оңтүстік аймақтан көшіп келіпті. Ата-анасы болса, ұлының болашағы үшін алаңдап, өзін қоярға жер таба алмай жүр. Ал, оқ атқан бозбаланың қандай жаза арқалары әзірге белгісіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: