Браконьерлер Каспий теңізінде табиғатқа зор шығын келтірмек болды
Теңіз шекарашылары бір тәулік ішінде мемлекетке келтірілуі мүмкін 10 395 425 теңге шығынның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасына қарасты бөлімдердің шекаралық кемелері мен катерлері еліміздің теңіздегі шекарасын күзете жүріп, өткен тәулік ішінде аумақтық және ішкі суларда (теңізде) жүру тәртібін бұзған 5 адамды және шекаралық тәртіпті бұзғандығы үшін 1 адамды ұстаған.
Бұдан бөлек, 6 жүзу құралдарын, 1 мотоцикл, 5 "ямаха" қозғалтқыштарын қолға түсірді (2-"Байда", 2-"Бударка", 1-катер, 1 резіңке қайық).Теңізден 4060 м 2 қап ау, 2500 м калада, 1250 дана ілмекті ау жинап алып, жалпы құны 10 100 000 теңгенің (360 кг 900 гр) бекіре тұқымдас балықтарын және 295 425 теңгені құрайтын (60 кг) қымбат бағалы балықтарды құтқарып қалды. Заңды бұзғандарға 132 562,5 теңге айыппұл салынып, мемлекетке 10 395 425 теңге шығын қайтарылған.