Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды

Vox Populi, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2019 16:53 Vox Populi
Заң бұзған азамат еліміздің аумағына кіруге тиым салынғандар тізімінде болып шықты.

Қостанай шекара отрядына қарасты "Обаған" заставасының аумағында Шекарашылар Ресейден келген шекара бұзушыны ұстады. Бұл туралы Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Өткен түнде, сағат 22.30-дар шамасында "Обаған" шекара заставасында "Радиотосқауыл" кешені дабыл берді. Бұл ел аумағына "шақырылмаған қонақ" келгендігін білдіреді. Дабыл тобы шұғыл түрде шекара сызығына қарай аттанып, Ресейден біздің еліміздің аумағына кірген бір жаяу адамның ізін тапты. Түнде көретін, жылу сезетін, т.б. арнайы құралдар көмегімен, сағат 23.15-те 1989 жылы туған Ресей азаматы ұсталды", - деліген хабарламады.

Айта кеткен жөн, екі күн бұрын бұл азамат Қазақстан аумағына кіруге тиым салынғандар тізімінде болғандықтан "Ақбалшық-авто" өткізу бөлімшесінен елімізге кіргізілмей, кері қайтарылған болатын.

Құқық қорғау органдары және Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметінің Қорған, Түмен шекара аумақтары бойынша жедел кезекшісіне хабарланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: