Ресей азаматы шекарадан сирек кездесетін құстарды алып өтпек болған

upload.wikimedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 18:03 upload.wikimedia.org
Шекарадан өтпек болған ресейліктің көлігінен пайызторғайлар табылды.

Қазақстан-Ресей шекарасында сирек кездесетін құстардың ірі партиясы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстан Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құстарды алып өтпек болған ресейлік азамат Қостанай шекаралық жасағының "Қайрақ авто" бекетінде ұсталған. 33 жастағы ер адам Ресейден Қазақстанға Kia көлігімен келе жатқан көрінеді. Көлігін тінту барысында 90 пайызторғай табылған.

Ер адамның құстарды алып өтуге рұқсат беретін тиісті құжаттары болмай шығыпты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: