Көлік нөмірін өзгерткен шымкенттік жігіт өз жерлесін зар жылатты
коллаж/видео police_nur_sultan
Нұр-Сұлтанда жүрген шымкенттік жүргізуші нөмірін өзгертіп, айыппұлдар Шымкентте жүрген жерлесіне келе бастаған.
Нұр-Сұлтанда көлігінің нөмірін өзгерткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың блогына шағымын айтқан Шымкент тұрғыны 2018 жылдан бастап өз көлігіне астанадан айыппұлдар келе бастағанын жеткізген.
– Полицейлер тексеру барысында жалған көлік нөмірімен жүрген жүргізушіні тапты. Ол тіркеу нөміріндегі "F" деген әріптің төмен жағына қара жапсырма жапсырып, оны "Е" етіп өзгерткен болып шықты. Оның көлігі уақытша коммуналдық тұраққа жеткізілді, – деді полиция.
Қу жүргізушіге қатысты 590 баптың 4 бөлігі бойынша іс қозғалып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл, немесе жүргізуші куәлігінен бір жылға айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript