Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында жеткіншекті ат тепті

татура.рф, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 19:14 татура.рф
Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарған, науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Маңғыстау облысында 13 жасар баланың бетіне ат тепті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапа шеккен жеткіншектің жағдайы туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев айтып берді.

- 2019 жылы 26 наурыз күні Маңғыстау облысының балалар ауруханасына Түпқараған ауданына қарасты С. Шапағатов ауылынан "ауыр ашық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен шұғыл түрде 13 жастағы бала түсті. Маңдай қуысы мен сол жақ орбитаның медиалды қабырғасы жарылған. Миы қатты жарақаттанған. Мұрынан қан кеткен. Мұрын сүйегі сынған. 2-3 дәрежелі шок алған. Ауыр дәрежелі қансыраудан болатын анемия". Баланың ата-анасының айтуынша, ол жарақатты аттан құлап түсіп, артынша оның тебу нәтижесінде алған көрінеді, - деді Азамат Сәрсенбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 19:14

Лор дәрігер шұғыл түрде ота жасап, баланың мұрын сүйегін орнына салу арқылы жұтыншағының артқы жағын тығындаған.

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарған, науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: