Атырау облысында күшті жел ғимараттардың шатырларын жұлуда
ҚР ІІМ ТЖК Баспасөз қызметі
Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.
Атырау облысында қатты желдің әсерінен шатырлардың жұлынуы бойынша екі дерек тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 сәуір күні Исатай ауданына қарасты Х. Ерғалиев ауылында секундына 18 метр жылдамдықпен соққан қатты дауыл Ғ. Масалимова атындағы орта мектептің аумағы 45 шаршы метр болатын шатырын жұлып әкеткен. Қуанышқа орай, қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.
Дәл осы күні, Жылой ауданының Тұрғызба ауылында секундына 21 метр жылдамдықпен соққан жойқын желдің нәтижесінде №4 мектептің аумағына бөлек тұрған екі қабатты ғимараттың көлемі 261 шары метр болатын шатыры құлаған. Қаза тауып, зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript