Автоматпен атқылаған. Қостанайда полицейлер ер адамды ұстады
Википедия
Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.
28 сәуір күні Қостанайда Спортивная көшесінде орналасқан №12 үйдің маңында белгісіз біреу оқсауыты бос оқ-дәрілермен толтырылған Калашников автоматымен ауаға атқылаған, деп хабарлайды Zakon.kz "Тобол инфо" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлері дереу полицияға хабар берген. Қуанышқа орай, қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.
Ер адам ұсталды. Оның өзімен бірге есіртке заттарының болғаны анықталды.
Қостанай облысының Полиция департаментіне оқиғаға қатысты пікір білдіріп, сонымен қатар қарудан оқ атқан адамға қандай жаза қолданылатындығы жайлы нақты мәлімет беруге сұрау жолданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript