Бір бала мен үш ер адам жерқоймада уланып қайтыс болды
promwood.com
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға шіріген картоптың иісі себеп болған.
Ақмола облысында төрт адам уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 18 сәуір күні шамамен кешкі сағат жетілерде Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Державин қаласында орын алған.
- Жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан жерқоймаға түскен төрт адам - 1971, 1975, 1981 жылдары туған ер адамдар мен 2002 жылы дүниеге келген бір бала уланған. Үш ересек адам сол жерде қайтыс болса, бала ауруханада көз жұмған. Бақилық болғандардың барлығы Тәжікстан Рсепубликасының азаматтары екен. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға шіріген картоптың иісі себеп болған, - деп хабарлап отыр ТЖК.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript