Жаңалықтар тізбегі
0

Гүл теруге шыққан мектеп оқушылары жол апатына ұшырады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2019 16:29 pixabay.com
Машинаны 11 сыныпта оқитын оқушының бірі жүргізген.

Батыс Қазақстан облысында гүл теруге шыққан бір топ оқушы жан түршігерлік жол апатына тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Аударлыған жеңіл көліктің ішінде болған жеті оқушы да жарақат алған. Оның біреуінің жағдайы өте ауыр.

Оқыс жағдай "Чапаев-Сайхин" күре жолы бойында болды. Қызғалдақ теруге барған Жаңақала ауылындағы орта мектептің шәкірттері қайтар жолда апатқа ұшыраған. Жеңіл көлікте 4 ұл, 3 қыз болыпты. Машинаны 11 сыныпта оқитын оқушының бірі жүргізген. Ол тізгінге ие бола алмай, "Лада Ларгусты" аударып алды. Жеті сыныптас түгелдей жарақат алған. Алтауы дәрігерлер қарауынан кейін үйлеріне жіберілсе, 17 жастағы қыздың жағдайы тым ауыр. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ал көлік жүргізген мектеп оқушысының атасының машинасын ұрлап мінгені белгілі болды.

Айнагүл Сақбосынова, БҚО ДСБ баспасөз хатшысы:

- 6 оқушы амбулаториялық ем алуға жолданды. 2002 жылғы қыз бала сол күні оған Оралдан санавициямен хирург, неурохирург, реаниматолог келіп, ота жасап кетті. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: