Шымкентте жүргізуші алты баланы бірақ қағып кетті
express-k.k
ЖКО нәтижесінде жасөспірімдердің бірі қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілді.
Шымкентте Opel Kadett автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімшесіне жеткзілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, 27 мамыр күні сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы автотұрақтадың бірінде Opel Kadett автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
- Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің 6 жеткіншекті қағып кеткенін анықтайды. Жол апатының нәтижесінде жасөспірімдердің 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Қалған 5 бала жеңіл жарақаттар алып, үйлеріне қайтарылған. Бірнеше сараптама жұмыстары тағайындалды, - деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345 бабының 2 бөліміне сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргзіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript