Алматы облысында жарылғыш заттарды сатпақ болғандар ұсталды
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың "А", "Р" және "М" есімді үш мүшесі сегіз "РГД-5" граната жүйесін және оларға тоғыз тұтандырғышты өткізбекші болған сәтте ұсталды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
ҰҚКД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript