Ақбөкен мүйізін 1,5 миллиард теңгеге сатпақ болғандар ұсталды
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті браконьерлердің ұсталуына қатысты мәлімет берді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баспасөз қызметі 15 наурызда ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті екі азаматты тыйым салынған жануарлардан алынатын өнімдерді сатпақ болған кезде ұстағанын түсіндірді.
Жалпы салмағы 160 келі болатын 641 ақбөкен мүйізі алынды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 1,5 миллиард теңгені құрап отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Күдіктілерге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп қосты комитет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript