Түзеу мекемесінің бұрынғы басшылары пара алғандары үшін жазаға тартылды

publicdomainpictures.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2019 19:15 publicdomainpictures.net
Сот үкімі жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен бұрын Жамбыл облысының бойынша ҚАЖ ЖД-158/7 түзеу мекемесінің басшысы және оның орынбасарына қатысты жеке кәсіпкерден пара алу фактісі бойынша жүргізген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.ж. 31 мамырда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен мекеме басшысы пара алуда кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Ол "әділет подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.

Қылмыстың сыбайлас қатысушысы мекеме басшысының орынбасары мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды және "әділет подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: