Қазақ әйелі бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдады

Белновости, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2019 23:31 Белновости
Ол киллерге 20 мың доллар төлеуге дайын болған.

Қызылордада сұмдық жағдай орын алды. Полицейлер кісі өлтіруге тапсырыс беру қылмысын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 шілдеде шұғыл тергеу шарасы барысында бұрынғы күйеуін өлтірту үшін Түркістан облысының тұрғынын 20 мың долларға жалдаған 48 жастағы қызылордалық әйел ұсталды.

Орындаушы қылмысқа барудың орнына полицияға келген.

- Кісі өлтіруге тапсырыс берген әйел киллерді Шымкентке шығарып саларда 20 мың долларын күйеуінің мүлкін сатқаннан кейін төлеуге уәде еткен. Алдын-ала төлейтін ақшасын беру кезінде әйел ұсталып, қамауға алынды. Оған қарсы ҚР қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 б. бойынша (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену) және 99 бабы, 2-бөлігінің 8-тармағы (кісі өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде, – деді полиция өкілдері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: