Көмусіз қалыпты. Ақтау тұрғыны адамның ескі қаңқасын тауып алды

lada.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2019 21:26 lada.kz
Полиция барлық сүйекті жинап алды.

21 шілдеде Ақтау тұрғыны Владимир Ярцев Қаракие ойпатынан адамның бас сүйегін тауып алды. Кейін сол маңайдан басқа да сүйектерді көзі шалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Лада.kz"-ке сілтеме жасап.

Жиналған сүйектің бәрі бар адамдікі сияқты.

- Көмілмей қалған сияқты, сүйектерін ит-құс үлкен аумаққа тасып әкеткен, - дейді ол.

Полиция барлық сүйекті жинап алды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

- Оның кім екені және неден көз жұмғаны анықталуда. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 001 бабымен (кісі өлімі) тіркелді, - деді полиция департментінің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: