Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

Жер қазу, Семей, бұрынғы стадион, адам сүйектері, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 09:43 Сурет: Zakon.kz
Семей қаласының тұрғыны бұрынғы "Пищевик" стадионы аумағынан адам сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы бірден жергілікті "ABAI NEWS" желілік басылымының редакциясына хабарлаған. Оның айтуынша, адам сүйектері спорт кешенінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары, яғни жер қазу кезінде табылған.

Сол күні, 31 шілдеде бұрынғы "Пищевик" стадионының аумағынан адам сүйектерінің табылуына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Мұндай шешімді қалалық әкімдік тексеру жүргізгеннен кейін қабылдады, ал аталған фактіні тіркеу үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

"Табылған сүйектер тиісті сараптама жүргізу үшін криминалистикалық кызметкерлерге беріледі. Нысандағы жұмыстар қажетті процессуальдық шаралар аяқталғаннан соң, яғни құзыретті органдардың тиісті рұқсаты берілгеніннен кейін ғана қайта жанданады", делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін Түркістанда көпбалалы әкені таныстары өлтіріп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: