Мексикадағы Трагедия: 9 адам қаза тауып, 60-тан астам адам зардап шекті
Сурет: pexels
Мексикадағы Сан-Педро қаласының мэрлігіне кандидат Лорения Каннаватидің сайлау алды митингісінде сахна құлап түсті. Нәтижесінде, 9 адам қаза тауып, 60-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар, деп жазады La Jornada Нуэво-Леон штатының губернаторы Сэмюэль Гарсияға сілтеме жасап.
"Мен Президентке трагедия туралы хабарладым, алдын ала ақпарат бойынша, бес адам қайтыс болды (сол кезде) және 50 – ге жуық адам әртүрлі жарақат алды, кейбіреулері ауыр, басқалары орташа ауыр", - деді Гарсия журналистерге.
Сахна құлаған сәттегі кадрлар әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Сахнаның құлау себебі қолайсыз ауа-райына байланысты, атап айтсақ, қатты жел екпіні деп түсіндірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript