Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент әкімі үш жасар бүлдіршіннің неден қайтыс болғаны туралы жазба жариялады

Іnstagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2019 20:55 Іnstagram
Өз жазбасында әкім қайғылы оқиғаның қалай орын алғанын айтып берген.

22 шілдеде Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды. Аулада ойнап жүрген 3 жасар қыз жоғалып, қараусыз көлік тұрақтарының бірінен өлі табылған еді. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов осы қайғылы отбасының үйіне бас сұғып, көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алады. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, кішкентай сәбиді сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады.
Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым.

Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын! Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап, қадағалап жүрейік! " деп жазды әкім Іnstagram-дағы парақшасында.

Өз жазбасында қала әкімі осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, құзырлы орындарға тапсырма беретінін де қадап айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алды. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, кішкентай сәбиді сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады. Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын! ???????? Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап қадағалап жүрейік! Акімшілік және қала полициясы тиісті жұмыстарды күшейтеді. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма беремін. 3 дня назад в нашем городе произошло несчастье - скончалась 3-летняя девочка по имени Каусар. Девочка вышла во двор и хотела найти своего отца, который находился неподалёку от дома. Один из соседей вызвался провести девочку и перелезая через забор, уронил её, девочка потеряла сознание. Испугавшись случившегося, сосед оставил девочку одну без помощи, в следствии чего, Каусар умерла. В отношении соседа возбуждено уголовное дело и он уже водворен в СИЗО. Безусловно, он понесет соответствующее наказание. Вернувшись с командировки, сразу поехал на место происшествия и выяснил все детали произошедшего. Выразил соболезнования родителям девочки. Жизнь каждого ребенка бесценна. И каждый из нас должен заботиться о безопасности нашиx детей. Акимат и Департамент полиции города усилят работу в этом направлении. Сегодня проведу работу совещание по этому вопросу и дам соответствующие поручения.

Публикация от Gabidulla Abdrakhimov (@gabidullaabdrakhimov)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: