Алматы облысында полицейге бой бермеген бұзақы ұсталды
Инстаграм
Қазір билік өкіліне қол көтеріп, қарсылық таныту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралы жүргізіліп жатыр. Бұл іс облыстық полиция департаментінің жеке қадағалауына алынған.
Алматы облысында арасында полиция қызметкерлері де бар төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Видеодағы оқиға Панфилов ауданында 23 шілдеде бұрын тергеуге алынған қылмыстық іс бойынша күдіктіні қамауға алу кезінде болған. 29 жастағы ер адам таныстарымен бірге учаскелік полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Дегенмен оқиға күдіктіні ұстаумен тынып, жанжалға қатысқан тағы бір адам полицияға жеткізілді, - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.
Қазір билік өкіліне қол көтеріп, қарсылық таныту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралы жүргізіліп жатыр. Бұл іс облыстық полиция департаментінің жеке қадағалауына алынған. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Видеода бейәдеп сөздер барын ескертеміз!
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript