Атырауда мүгедек балаларды күштеп жұмысқа жеккен
Ашық дереккөздерден алынды
Атырау қаласында 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 Арнаулы қызмет көрсету орталығында қатыгездік таныту мен күш көрсету фактілері орын алған.
Атырауда 98 мүгедек баланы күштеп жұмысқа жеккен. Бұл туралы биылғы жылдың жартыжылдығына қорытынды жасаған есебінде облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 Арнаулы қызмет көрсету орталығында қатыгездік таныту мен күш көрсету фактілері орын алған. Оның үстіне ата-анасының қарауынсыз қалған кембағал жеткіншектерді күштеп еңбекке тарту жайты да тіркелді.
Атырау облыстық прокуратурасының айтуынша, 322 оқушысы бар ұлттық дарынды балаларға арналған гимназияда жылына 4 рет демалысқа жіберілуі тиіс жетім және мүгедек балалар тек екі рет каникулға шыққан. Осы оқиғаны облыс прокуратурасы анықтаған соң балалар тиісті демалысын қосымша алатын болып шешілді.
- Осы фактілердің барлығы облыстық прокуратураның бірыңғай тізіліміне алынып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – дейді прокурор өз сөзінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript