Жаңалықтар тізбегі
0

Арнайы операция кезінде ұсталғанның анасы: Ашып, лақтырып жіберді

Лада, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2019 23:59 Лада
Ұсталғандардың аналары 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР ІІМ қызметкерлері пәтерлеріне ешқандай ескертусіз, баса-көктеп кіргендерін айтады.

29 шілдеде Маңғыстауда арнайы операция кезінде ұсталғандардың ата-аналары арнайы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, аштық жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталғандардың аналары 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР ІІМ қызметкерлері пәтерлеріне ешқандай ескертусіз, баса-көктеп кіргендерін айтады.

- Таңғы 7-де есік қағылды, есіктің арғы жағындағы адам әкімдіктенмін деді. Мен еш алаңсыз есікті аштым. Сол кезде бір топ қарулы адам үйге сау ете түсті. Мені итеріп жіберді, мен айқайлап, не болғанын сұрап жатырмын. Мұндайды тек теледидардан ғана көрген шығармын. Олар ұлымның бөлмесіне кірді, бұл кезде ол келінім екеуі ұйықтап жатқан, содан есікті тарс жауып, ешкімді кіргізбеді.

Әлгі қарулы адамдардың ішіндегі орташа бойлы, толық көгілдір футболкадағысы ваннаның есігін ашты да бірдеңені лақтырып жіберді. Мен шошып кеттім, бірақ іштей мұның «подстава» екенін түсіндім. Содан соң олар тінту жүргізе бастады, бірақ бір таң қаларлығы, олар менің шкафымды ашып, киімдерімді қозғап көрді, болды. Яғни, егер олар бірдеңе іздесе, бүкіл үйді төңкеріп тастамай ма? Одан соң олар дереу ваннаға бет алды, сол арада камераны қосып, өзлері әкелген әлгі ораманы тауып алғандарын айтып жатты. Ішінен 33 оқ шықты.

Мен ашуланып, куәгер ретінде көршілерімді шақыруды талап еттім. Бірақ бәрі бекер. Олар менің баламды алып кетті, жергілікті ҰҚК-ге апарған. Біз адвокат жалдадық, бірақ олар оны балама жолатпады. Менің ұлым - отбасылы адам, ол Мәскеудегі университетті тәмамдаған, Ақтауда мемлекеттік қызметке сынақ тапсырған. Енді соның нәтижесін күтіп жүгірген, шақырту болып қала ма деп. Енді мынандай жағдай болды, - дейді ұсталғандардың бірінің анасы Дариға Назарова.

Дариға Назарова аштық жариялады.

Арнайы операция 29 шілдеде Жаңаөзенде де болған.

"Шамамен таңғы 7.30-да құқық қызметкерлері келді үйімізге. Олар Жаңаөзен қаласының бір тұрғыны ұлымның үстінен арызданғанын айтты. Мен түкке түсінбей қалдым, қандай да бір шағымға бола неге ҰҚК адамдары үйіме баса-көктеп кіреді деп. Тінту жүргізіп, бүкіл үйді төңкеріп тастады, бірақ ештеңе таппады. Біздің қолымызға ешқандай қағаз берген жоқ. Бірақ ұлымды Ақтауға алып кетті. Артынан іздеп мен де келдім. Менің ұлым 25 жаста, ол мұнай саласында жұмыс істейді, қарапайым спортқа бейімі бар бала, ешқандай секта-мектада болған емес", - дейді ұсталғандардың бірінің анасы Үкімхан Аманова.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз-релизінде төрт қылмыстық топқа жататын 17 адамның ұсталғаны туралы айтылды. Олар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: