Жаңалықтар тізбегі
0

Есірген алматылық алаяқ бір адамды жүз айналдырып, ақша"сыпырған"

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2019 17:02 видеодан алынды
Ол Оңтүстік Кореяға жібермей тұрып, Алматы маңындағы киелі орындарды, базарды аралатып, сұлулық салонына кіргізіп, тұтынушылардың әрқайсысынан 100 мың теңгені қағып алған.

Алматылық алаяқ әйел Оңтүстік Кореяға ақша табуға барғысы келетіндердің қалтасын қағудың біртүрлі тәсілін ойлап тауып, көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Бірінші Еуразия телеарнасына сілтеме жасап.

Оған алданған апалы-сіңлілер телеарнаға сұқбат беріп, бірақ түрлерін көрсетпеуді сұраған.

"1 миллион теңгесін жұмсаған олар "жұмыс істеп, ақшаға қарық боламыз" деп армандаған Оңтүстік Кореясын сол күйі көрмеген де. Бар әңгіме жарнамадан басталған. "Оңтүстікке Кореяға апарамын, құжатты өзім дайындаймын, тіпті онда таныстарым бар, жұмысқа да орналастырамын" деген телефонның арғы жағындағы әйелдің әдемі дауысы 8 адамды сендірген. Бірақ шетелге аттанбастан бұрын бұл 8 адамды ол әйел Алматы маңындағы киелі орындарға апарған. "Кетерде ата-бабаларымыздың рұқсатын, батасын алуымыз керек" деген желеумен", - дейді тілші.

Зардап шегуші, әрине мұның барлығы ақша тұрғанын айтады.

- Алматы маңындағы киелі орындардың барлығын аралап шығамыз деді. Бұл 5000 теңге тұрады деді. Ал бізді ұшықтаған атаға 3 мың теңге бердік. Әр барған жерде, сонда бәрімізден 8 мың теңгеден алып отырды, - дейді алданған бойжеткен.

Бірақ алаяқтың лаңы мұнымен бітпеген. "Ол – шетел, сендерді үсті-бастарына қарап қарсы алады, сондықтан киінуге базарға алдымен, одан соң сұлулық салонына барамыз" деген.

Ақыры әр тұтынушы 100 мыңнан шығынданады.

Сөйтіп оларды ұшаққа отырғызып жібереді.

Екінші зардап шегуші:

- Ұшаққа отырдық, Оңүстік Корея әуе-жайына сәтті қондық. Бірақ бізді ары қарай жібермеді. Кедендік бақылау ұстап алды. Біз оған телефоннан хат жаза бастадық. "Не болды, декларацияны толтырдық, бәрін өткіздік, бірақ мына жақта бізді жібермейді" дейміз. Ал ол:"«Білмеймін, өздерің кінәлісіңдер, бастысы мен өз жұмысымды атқардым, енді сендерде шаруам жоқ", - деді. Ақыры біз кері қайтуға мәжбүр болдық.

Бірінші Еуразия тілшісі Алматыдағы әлгі әйелді тауып алған. Бірақ оған журналист емес, тұтынушы ретінде танысқан.

- Ол жаққа барғанда қанша жалақы аламын? 500-600 мыңнан бастап 1 миллион теңгеге дейін дейсіз бе? Айына ма? Қандай тамаша?

- Сіз маған 650 мың теңге беруіңіз керек, оның 350 мың теңгесіне билет, қонақүй, сақтандыру брондаймын. Жұмысты да, визаны да алдын ала келісіп беремін. Визаға бөлек 1 мың доллар төлеу керек, - дейді ол.

Ал шынында ақшаны алып алады да, Сізді алыс елге өзі бірдеме қып өтіп кетеді деген үмітпен жібере салады. Ал егер кеденнен өте алмасаңыз, онда ақшаны олар қайтармайды. Бұлай алданған елімізде жүздеген адам бар. Бірақ әлі бір алаяқ ұсталған емес елімізде. Ал алданған апалы-сіңлілер енді полицияға шағымданбақшы.

Оқи отырыңыз: Ставканы дәл болжайтын шымкенттік көріпкел бірден байып кетті

Тағы да: Шымкентте бала көтере алмай жүрген бір топ келіншек емшіге алданғандарын айтты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: