Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда науқастың туыстары аурухана қызметкерлерін жабылып, ұрып тастады

иллюстрация үшін алынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2019 15:42 иллюстрация үшін алынған
Оқиғаның мән-жайын қалалық клиникалық ауруханадағылардың өзі айтып берді.

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан науқастың туыстары аурухана қызметкерлерін бас салып, сабап тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат аурухананың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

"Жансақтау бөліміне кіргізбей қойғаны үшін науқастың туыстары аурухана қызметкерін бас салып, ұрып тастаған. Оларға дәрігерлердің медициналық көрсеткіштеріне қарай науқасты жансақтау бөлімінде әлі бір тәулік ұстау туралы қабылдаған шешімі ұнамай, ашу-ызаларын туғызған", - деп түсіндірді ауруханадағылар.

Дәрігерлер науқастың жағдайы толығымен тұрақтанғанын қадағалау үшін осындай шешімге келгені белгілі болды. Ал бұл шешім науқастың туыстарына ұнамаған.

"Олар, неге екенін білмейміз, әкелері қайтыс болды деп ойлап алған, ал аурухана қызметкерлері оны жасыруға тырысып жүр деп күдіктенген. Олардың бірі постта тұрған медбикенің кеудесін темір балдақпен бірнеше рет салып жіберген, одан соң сол темір балдақпен бөлімнің бас мейірбикесіне тап беріп, оны да соққыға жыққан. Осы кезде науқастың қалған туыстары бөлім бастығының шыққанын күтпестен жан сақтау бөліміне баса-көктеп кіріп кеткен. Ал ол араға арнайы халат, аяқтың басына киетін санитарлық бахилсіз мүлде кіруге тыйым салынады. Осындай ішкі тәртіпті де, аурухана қызметкерлерінің басуын да олар түк елеген жоқ.

Ашуға әбден бой берген олар тілдерін де тартып қалмады. Ауыздарына келгендерін айтып, тіпті "өлтіреміз сендерді" деп қоқан-лоқы да көрсеткен. Оларды тыныштандырып, мән-жайды түсіндіруге шыққан дәрігер - профессор, медицина ғылымдарының докторының да басына су құйды. Ол кісіні де әбден балағаттады. Оларға сонша не болғанын әлі де түсіне алар емеспіз", - дейді №7 мемлекеттік клиникалық аурухананың өкілдері.

Олардың айтуынша, бұл оқиғаның мән-жайы әлі толығымен анықталған жоқ. Ал жарақат алып, психологиялық күйзелісті бастан кешірген медицина қызметкерлері алдағы күндері сот көмегіне жүгінбекші екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: