Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы марафонда "шындық іздеген" тағы үш адам жазаға тартылмақ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2019 23:25 zakon.kz
Полиция істің мән-жайын айтып берді.

"От правды не убежишь", #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген жазулары бар баннердің басы-қасында болған тағы бірнеше азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Жергілікті полиция деректері бойынша, қазір тағы үш адамға қатысты ҚР ӘҚбК 488 бабы, 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылуда. Жақын арада олар сотқа тартылады, – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін ол балалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді деген хабар тараған. Әзірбек түсіндіру жұмыстарын жазалау деп санамайды.

– Неге бүгін? Қайтадан ашылған мән-жайларға байланысты шығар. (….) Марафон – Алматының дәстүрлі шарасы, түрлі елдерден қатысушылар келеді, сондықтан қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін, оның ішінде 2013 жылғы Бостондағы Марафондағыдай, полиция қауіпсіздіктің күшейтілген шараларын қолға алады. Кез-келген заңсыз іс-әрекет түбірімен кесіледі. Әлгі жастар бейбіт жиын, шеру ұйымдастыру мен өткізу туралы 488 баптың нормаларын бұзған, – деп хабарлады Әзірбек.

Оның пікірінше, ондай көзқарасты мәдени түрде, құқық аясында жеткізуге болар еді, өйткені біз құқықтық мемлекетте тұрамыз.

– Олардың мақсаттары марафон тақырыбына сай емес болған. Егер салауатты өмір салтын насихаттағанда – оған ешқандай кедергі жоқ. Плакаттар заңсыз деп бағаланды, сот құқықтық бағасын берді, – деді Әзірбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: