Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында мектепте жарақат алған бала көз жұмды

bouw.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 16:40 bouw.ru
Махатай Әлихан Талғатұлы 2006 жылы туған. Ол отбасының кенжесі болыпты.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында дене шынықтыру сабағы кезінде футбол қақпасы бір баланың үстіне құлап, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz Kazpravda.kz-ға сілтеме жасап.

Түркістан облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 2019 жылдың 5 қыркүйегінде Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Әлихан Махатай дене шынықтыру сабағында футбол ойнаған. Сол кезде оқыс оқиға орын алып, жылжымалы футбол қақпасы оның үстіне құлап, бала ауыр жарақат алған.

- Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шұғыл жетіп, Әлихан Махатай аудандық ауруханаға жеткізді. Балаға сол күні 15 және 16 сағат шамасында ота жасалды, өкінішке қарай дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бүгінгі таңда аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімі осы оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті. Өз кезегінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жайтты жеке өз бақылауына алады, делінген хабарламада.

Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналар қауіпсіздік ережелерімен таныс болғанын айтады. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тергеу басталды, ал мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында қауіпсіздік шараларын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Махатай Әлихан Талғатұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-аналарына және туыстарына көңіл айтады", - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Махатай Әлихан Талғатұлы 2006 жылы туған. Ол отбасының кенжесі болыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: