Павлодар тұрғыны өзінің сыртынан біреу несие тіркетіп алғанын айтты
Хабар 24
Банк қызметкері әйелге 1 млн теңге көлемінде несие алуға рұқсат берілгендігін хабарлаған.
Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны өз атына сыртынан біреулердің 75 мың теңге көлемінде несие тіркеткені туралы полицияға шағымданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Тексеріс кезінде қыркүйек айында жәбірленушіге белгісіз ер адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалғаны анықталды. Ол әйелге 1 млн теңге көлемінде несие алуға рұқсат берілгендігін хабарлаған. Мұндай хабарды естіген жәбірленуші несие алуға өтініш бермегенін айтқан. Сол кезде қаскүнем несиені алып тастау мақсатында оған телефонға келген 4 таңбалы кодты айтуын сұраған. Жәбірленуші, шын мәнінде құпия сөзді ауыстыру коды болып табылатын кодты айтып берген. Нәтижесінде кодты алған алаяқ жеке шотқа оңай қол жеткізіп, ақшалай қаражатты шешіп алған", – дейді полициядағылар.
Полиция қызметкерлері азаматтарға сақ болып, жеке шоттарының пин-кодтарын бөтен адамдарға бермеу керек екенін еске салады. Күмәнді телефон қоңырауы мен тексерілмеген ақпаратқа сенбеген дұрыс. Алаяқтық жасалған жағдайда бұл факті туралы тұрғылықты мекенжай бойынша құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript