Жаңалықтар тізбегі
0

"Баламды берші деп жалындым...". Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 16:22 видеодан алынды
Марқұм баланың әжесі Сопыжановпен қайта-қайта телефонмен сөйлесіп отырғандарын айтты.

Қарағанды облысының Бұрма ауылындағы орманнан 3 жастағы баланың денесі табылды. Күдікті де қамауға алынған. Алдымен бүлдіршінді ұрлап, кейін өлтірген күдікті жақында ғана түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан екен. Осындай қатыгез адамды қалай бостандыққа шығарған деп налиды марқұмның әжесі Астана теларнасына берген сұқбатында, деп хабарлайды Zakon.kz.

"5 қыркүйекте күдікті Игентай Сопыжанов тапа-тал түсте дәл осы орталық дүкеннің алдында 3 жастағы баланы анасының қолынан жұлып әкеткен. Мұны ауылдастары көрген. Артынан қуғанымен жете алмапты. Көршілердің айтуынша, ізін суытқан Игентай Сопыжанов ұрлаған баланың анасымен көңіл жарастырған. Бірақ ұрсысып қалған соң , ол осылай өшін алмақ болуы мүмкін, - деп отыр олар", - дейді телеарна тілшісі.

Іздеуге ауыл тұрғындары мен полицейлер, еріктілер мен әскерилер қатысқан. Өкінішке орай бүлдіршіннің кеше таңертең денесі табылды.

Әлішер Бекбосынов, полиция инспекторы:

- Біз екі тәулік бойы баланы іздестірдік. Барлық жерден қарап шықтық. Ауа-райы да қолайсыз еді. Бұрма ауылы маңындағы тоғайды тексеру кезінде әріптесім екеуміз баланың мәйітін тауып алдық. Сол жерде жедел тергеу тобына, басшыларға хабар бердік.

"Әжесі жиенінің өліміне әлі де сене алмай отыр. Оның айтуынша күдікті бұл отбасына осымен екінші рет қастандық жасады. 5 жыл бұрын ол баланың шешесімен кездесіп жүріп, оның туған әпкесін, яғни сыңарын балтамен шауып өлтірген. Түрмеден шыққан соң ғашығымен қайта татуласпақ болыпты. Алайда оның арты қайғылы жағдайға әкеліп соқты. Қауіпті қылмыскердің неліктен рақымшылыққа ілінгенін, қайғы жұтқан отбасы түсінбей дал болып отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Вера Гервег, қаза болған баланың әжесі:

- Баланы қайтаршы деп өтіндім. Үйге қайтаршы, қайда екенін айт, алып кетейік арыз да жазбаймыз,- деп жалындым. Өз жөніңмен жүре бер дедім. Ал ол болса қайта-қайта телефонды өшіріп тастап отырды. Бәріміз баламызды тірі көреміз деп сендік. 4 жарым жыл ғана түрмеде отырды. Неге ондай адамды мерзімінен бұрын босатады? Жазасының жартысын да өтемеді ғой.

Жәбір көрген тараптың туысын өлтіргені үшін Игентай Сопыжанов 9 жылға сотталған. Қостанайдағы түзеу мекемесінде оның жартысын өтеп, бостандыққа шыққан. Бірақ оның өзі заңсыз орындалыпты.

Ғазиз Тәкешев, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары:

- Заңның 162-ші бабына сәйкес, Сопыжановтың тарапынан жазасын жеңілдету жөніндегі өтініш түсіп, мекеме басшылығы тиісті органға бағыттаған. Бірақ түзеу мекемесі тарапынан жазасын өтеушінің тәртібіне қатысты теріс мінездеме берген. Себебі , түрме қабырғасында жүріп 5 мәрте ескерту алған. Сондықтан оны босату негізсіз екенін алға тартылған. Бірақ соған қарамастан Қостанай облысының Әулиекөл аудандық сотының қаулысымен жазасын өтеу мерзімі 6 жыл 8 айға дейін қысқарған. Осылайша 4 жылын түрмеде өткізген Игентай Сопыжанов шартты түрде бостандыққа шыққан.

Айта кетейік, қазір Игентай Сопыжановты мерзімінен бұрын босатқан апробация қызметінің қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру басталды. Ал бүлдіршіннің денесі ертең жер қойнына тапсырылады. Полиция күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі , яғни адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғады. 23 жастағы күдікті Игентай Сопыжанов қаладағы вокзалдан поезбен қашқалы тұрған жерінде қолға түскен. Тергеу барысында қылмысын мойындаған.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда 3 жасар баланы ұрлап, өлтірген күдікті ұсталды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: