Желідегі "төбелес видеоның" "Маңғыстаумұнайгазға" қатысы жоқ

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2019 21:15 bnews.kz
"Маңғыстаумұнайгаз" бұл видеоның өз кәсіпорнына ешқатысы жоқтығын мәлімдеді.

Желіде "Маңғыстаумұнайгаз" жұмысшылары төбелесіп жатыр" деп бөлісілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда "Маңғыстаумұнайгаз" бұл видеоның өз кәсіпорнына ешқатысы жоқтығын мәлімдеді.

- Біріншіден, бізде мұндай формада мұнша көп жұмысшы жоқ, екіншіден, асханасы да біздікіне ұқсамайды. Мүмкін бұл видео басқа елде түсірілген шығар, бірақ бізде емес, "Маңғыстаумұнайгазда" да емес, - дейді "Маңғыстаумұнайгаз" кәсіпорынының баспасөз қызметі.

Amur.info сайты, бұл төбелестің 12 қыркүйекте болғанын жазады. Олар бұл оқиға "Амур газ өңдеу зауытында" болған деп нақтылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: