Алматыда такси жүргізушісімен түсірілген даулы видеоның авторы полицияға жеткізілді

Алматыда такси жүргізушісімен түсірілген даулы видеоның авторы – жергілікті блогер полицияға жеткізілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 09:41 Сурет: Алматы ПД
Алматыда такси жүргізушісімен түсірілген даулы видеоның авторы – жергілікті блогер полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция қызметкерлері бейнеролик авторының тұлғасын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізген.

"Қызбен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Ол өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы этика мен өзара құрмет нормаларын сақтауға шақырады", – делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде есту қабілеті бұзылған такси жүргізушісімен болған оқиғаның видеосы тараған болатын. Видеода блогердің айтқан сөздері мен әзілдері жұрттың ашу-ызасын тудырған. Кейін ол бейнероликті өшіріп, көпшіліктен кешірім сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: