Жаңалықтар тізбегі
0

"Жәукемдеп жеп жатыр...". Таразда әйелді талаған итті полиция атып өлтірді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 16:53 видеодан алынды
Шақырылған полицейлердің де төбетті ажыратуға жүрегі дауаламай тұрып қалған. Тек кейін қосылған тәртіп сақшысының бірі келген бойда жануарға оқ жаудырыпты.

Таразда ит талап, ауруханаға жеткізілген 54 жастағы әйелдің өміріне ақ хатталылар араша болмады. Дәрігерлің айтуынша, әйел көп қан жоғалтқан, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Күндізгі сағат бес шамасында көшені басына көтерген әйелдің жан дауысы естілді. Оны төбелес құмар ірі питбуль тұқымдас ит талаған. Ит 54 жастағы кісіні тістеген күйі сүйреп, бақшаның аяғына апарған. Сол жерде оның жұлма-жұлмасын шығарыпты", - дейді телеарна тілшісі.

- Жеп жатыр ғой, кәдімгідей, отырып алып. Тістеген бергі жағы, кәдімгідей жеп жатты. Орманда жабайы аңдар жеп жата ма, тура сондай болды ғой, - дейді оқиға куәгері.

Белгілі болғандай, итке таланған келіншек бұл үйге қонаққа келген. Үй иесі – оның жалғызбасты туған әкпесі екен. Мұнда тағы бір ер азамат болған.

"Бұлар жиі бас қосып ішімдік ішетін", - дейді көршілері. Олардың айтуынша, қайғылы жағдай да сондай көңілді отырыстан кейін болған. Мас болған үй иесінің сіңлісіне араша түсуге шамасы келмепті. Шақырылған полицейлердің де төбетті ажыратуға жүрегі дауаламай тұрып қалған. Тек кейін қосылған тәртіп сақшысының бірі келген бойда жануарға оқ жаудырыпты.

Әзиза Наурызбаева, оқиға куәгері:

- Бір атқанда тиді, бірақ өлмеді, үйге қашып кетті. Сөйтіп ол бала жүгіріп келді де, есікті итеріп тұрып, жедел жәрдемді кіргізіп, ана кісіні алып шығып, сосын итті шығарып атып өлтірді.

Зардап шеккен әйел шұғыл облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Олардың айтуынша, алған жарақатынан науқас 2 литрге жуық қан жоғалтқан. Соның салдарынан 54 жастағы әйел аурухана кереуетінде жатып көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, адам өлтірген ит төрт жыл бұрын пайда болыпты. Ылғи бос жүретін қабаған питбуль тұқымы бұған дейін де екі адамға азуын батырған дейді. Ал қазір осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда үкімді оқи сала сот пен алқа билер залдан қаша жөнелді

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: