Жаңалықтар тізбегі
0

Бұрын екі рет сотталған әйел зейнеткерді алдағаны үшін ұсталды

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2019 21:51 Алматы облыстық ПД
Өзін әлеуметтік қызмет өкілімін деп таныстырған бейтаныс әйел Қарабұлақ кенті тұрғынының 80 000 теңгесін алдап алып кеткен.

Алматы облысының полицейлері 82 жастағы зейнеткер зардап шеккен алаяқтық дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алаяқтық дерегі Ескелді ауданында тіркелген. Өзін әлеуметтік қызмет өкілімін деп таныстырған бейтаныс әйел Қарабұлақ кенті тұрғынының 80 000 теңге көлеміндегі барлық зейнетақы қаржысын алдап алып кеткен.

"Аталған дерек бойынша бұған дейін алаяқтық істері үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны күдікке ілініп, ұсталды. Күдікті әйел аудандық әлеуметтік қызметінің өкілі екенін айтып, зейнеткерге тамақ өнімдері мен көмірді тегін беретін акцияның өтіп жатқанын хабарлаған. Сөзінің шындығын дәлелдеу мақсатында зейнеткерге бірнеше кило макарон, қант, ұн берген, сондай-ақ акция бойынша уәде етілген үш тонна көмірдің жеткізілетініне сендірген. Нәтижесінде, күдікті алдау арқылы жалпы сомасы 80 000 теңге қаржыны үптеп кеткен", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес жүргізілуде. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: