Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі видео екі ел дипломаттарын аяғынан тік тұрғызды

nuz.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 21:06 nuz.uz
Кездесуге жиналғандар өзбек студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын талқылап, болашақта осындай оқиғаларды болдырмайтын алдын-алу шараларын да сөз етті.

Шымкент өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінде оқитын өз студенттерін қорғау мақсатында Өзбекстан билігі бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz nuz.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өзбек студенттері видео жариялап, өздерін жергілікті жастар үнемі ұрып-соғатынына шағымданған. Бұл видео қоғамның, сонымен қатар дипломаттардың да назарына ілінді.

Өзбекстан СІМ Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерге сілтеме жасай отырып, 21 қыркүйекте Шымкенттің өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінде Өзбекстанның елшісі Саидикром Ниязходжаев, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, аталған университет ректоры Сандыбай Боранбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласы бойынша төрағасының орынбасары Мурадали Халмурадов, Қазақстандағы өзбектердің "Дустлик" этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов сынды лауазымды тұлғалардың қатысуымен үлкен кездесу өткенін хабарлады.

Кездесуге жиналғандар өзбек студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын талқылап, болашақта осындай оқиғаларды болдырмайтын алдын-алу шараларын да сөз етті.

Бұл жайт Қазақстандағы Өзбекстанның елшілігі және Шымкент қаласын да қамтитын Алматыдағы Бас консулдығы өз бақылауына алды. Бас консулдық өкілдері ҚР СІМ бұйрығымен облыс басшылығымен және университетпен байланыс орнату үшін Шымкентке аттанды.

Студенттерге олардың елшілік деңгейінде қорғауға алынғандары айтылды. Мәселе шешіміне өзбек дипломаттарына жан-жақты қолдау көрсеткен жергілікті билік те белсене қатысуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: