Жаңалықтар тізбегі
0

"Тірідей көмген". Қарағандыда екі бикештің өсегі кәсіпкердің түбіне жетті

gusiyabloni.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 21:54 gusiyabloni.com
Кісіні ұрлау, оны өлтіру, оқ ату сынды ауыр қылмыстар, ең басында, екі құрбының өсегінен басталған екен.

Қарағандыда әйелдердің өсегі бір кәсіпкердің түбіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі жазба дерегіне сүйенсек, кісіні ұрлау, оны өлтіру, оқ ату сынды ауыр қылмыстар, ең басында, екі құрбының өсегінен басталған екен. Елена деген қыз құрбысына екінші бір құрбысының досы, кәсіпкер Ержан Сұлтановты жамандап, түрлі жағымсыз сөздер айтқан. Ал ол бойжеткен кәсіпкердің өзіне тікесінен тартып, естігенінің түгіл қалдырмай жеткізеді.

Бұдан кейін Ержан Сұлтанов Еленаны жеке шығарып алып, өз сөзіне жауап беруді талап етеді. Бұған әбден ренжіген Елена көз жасын көл қылып, ағасына барады. Ал оның ағасы - әскери полигонның оқу орталығы бастығының орынбасары Мұхамет Есмағамбетов деген дөкей. Ол Қарағандыдағы оңтүстік-шығыстағы автотұрақ жанында Ержанды қарауылдап, ақыры оны алып қашады. Оған немере ағалары мен достары көмектескен. Ержан 2011 жылдың тамызында таңертең өзінің тұрақта тұрған BMW-сіне мінгелі жатқанда, оған біреулер бас салып, басқа көлікке отырғызып алып кетеді.

- Ер адамдар бұл қылмысқа мұқият дайындалған. Із қалдырмас үшін олар кәсіпкерді ұрлаған көлікпен сауда үйіне дейін барып, сол арада көлікті ауыстырады. Шағын автобусқа мінген олар кәсіпкерді Қарағандының шетіндегі айдалаға алып барады. Олар сол жазық далада кәсіпкерге жерді қаздыртып, оны тірідей көміп тастайды, деп жазады жазба авторы.

Полиция жоғалған кәсіпкерді бір айдан астам уақыт бойы іздеген. Ақыры олар күдіктілердің ізіне түседі. Бірақ әскери полигонның оқу орталығы командирінің орынбасарын полиция бөліміне сұрақ-жауап алу үшін шақыртқанда, оған көшеде біреулер оқ атады.

Оқи отырыңыз: "Шетелдіктер үшін". Қазақтың тұңғыш порностудиясы жабылды

- Естеріңізде ме, ДВД маңындағы мына атыс (суретте)? Әскери адам ауруханаға жеткізілген. Сол кезде оған ағалары мен достары BMW-мен көмекке келген. Сол кезде полиция оларды да ұстап, сұрақ-жауаптың астына алған. Сонда олардың бірі қылмысын мойындап, болған жайтты баяндап берген. Сөйтіп кәсіпкерді көмген жерді көрсеткен. Олардың қарындасы бұл іс бойынша куәгер ретінде тартылды. Әскери сот олардың барлығын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырған. Тек бір адам ғана ізін суытып, ұстатпай қойған. Оған іздеу жарияланғанына 8 жыл болған. Сөйтсе ол Ресейде тығылып, сол жақта отбасын құрып, жұмысқа тұрып үлгеріпті. Жақында ғана ұсталып, ол Қарағандыға жеткізілді. Оны қазір соттап жатыр.

Құрметті бикештер! Сөздеріңізге абай болыңыздар, еркектерді бір-біріне қарсы қоймаңыздар! Оның көбі жақсылыққа апармайды. Арты, міне ұрлау, ұрып-соғу, кісі өлтіру сынды ауыр қылмыстырға апарып соғып жатыр, - деп түйіндейді өз сөзін автор.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: