Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жас қыз бір айлық нәрестесін сатып жібере жаздады

Sputnik Қырғызстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 23:00 Sputnik Қырғызстан
Әйел баласын сатып алушыдан 400 мың теңге алып үлгерген.

Алматыда полицейлер бір айлық нәрестені сатып жіберу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов ауданының тұрғыны, 23 жастағы қыз өзінің туған баласын сатпақ болған.

- Әйелді ұстауға бағытталған арнайы операция басталмас бұрын бірқатар жедел шаралар жасалды. Өз баласынан құтылғысы келетін әйелдің қылмыстық ниеті расталды. Ол бір айлық ұл баламды сатамын деген ақпаратты достарының арасында таратқан. Сатып алушы бірден табылды. Түнгі сағат 11-лер шамасында С. есімді әйел Медеу ауданының аумағында сатып алушыдан 400 мың теңге алған кезінде ұсталды, - деді Алматы полиция басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Данияр Меңдебаев.

Полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне уақытша орналастырды. Ал оның анасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

- Анықталғандай, С.-ның 7 жасар баласы бар екен, екінші баласын некесіз туған. Оны бейтаныс адамдарға сатуды ұйғарған. Әйел өз қылмысын мойындады. Бала алу үшін төленген ақшаны тергеушілер әрікілеп, іс материалдарына тіркеді, - деді подполковник Меңдебаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: