Татарстанда саунада еркектерді зорлайтын әйел ұсталды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 16:08 pixabay.com
Әйел досымен бірге зорланған еркектерді видеоға түсіріп алып, кейін олардан ақша бопсалаған.

Татарстанда жұп құрған әйел мен ер адам ақша бопсалау мақсатында бейтаныс еркектерді саунада зорлаған.

Бұл туралы өңірдің прокуратурасына сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.

Әйел әлеуметтік желілерде жігіттермен танысып, саунада бірге демалуға шақырады. Саунаға кіргеннен кейін әйелдің сыбайласы келіп, екеуі пышақпен қорқытып, демалмақ болған еркектерді сауна ішінде зорлаған.

Олар зорлығын видеоға түсіріп алып, кейін жәбірленушілерден ақша бопсалаған. Бір жағдайда жәбірленушіден 18 мың рубль (107 900 теңге) боспалаған.

Құқық қорғау органдары қылмыскерлердің кем дегенде үш рет зорлық пен боспалау жасағанын анықтады. Тергеу аяқталды, іс Набережные Челны қалалық сотына жіберілді. Олар бас бостандығынан заңсыз айыру, сексуалдық зорлық-зомбылық және бопсалау бойынша айыпталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: