Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Қанат Тезекбаевтың шашын неге тықырлап алып тастағанын түсіндірді

Azattyk.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2019 16:59 Azattyk.org
Министр сотқа дейін қамауға алынғандардың енді шашы тақырланбайтынын айтты.

Үкімет дәлізінде журналистерге сұқбат берген ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамауға алынған кезде басын неге тақырлап алып тастағанына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шашқа келетін болсақ, тергеу изоляторларындағы қазіргі тәртіп бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындау үшін қамауға алынғандардың шашы 1,5 сантиметрге дейін қырқылады, бірақ тақырланбайды", - деді ол.

Сонымен бірге, министр сотқа дейін қамауға алынғандардың шашы алмау мүмкіндігін де жоққа шығармады.

"Қазір мен шешім қабылдап, сот шешімі шыққанға дейін қамауға алынған адамның шашын тақырламау туралы бұйрық шығардым, сондықтан алда бұл норма қолданылмайды", - деп атап өтті Тұрғымбаев.

Ол кеше осы оқиғаға байланысты кеңес өткенін, сол арада уақытша қамауға алынғандарға қарсы мұндай шара қолдану-қолданбау мәселесі кеңінен талқыланғанын айтты.

Хирург Қанат Тезекбаевтың шашын тергеу изоляторында тақырлап алып тастаған. Бұл туралы оның әйелі Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты. Ер адам алты күн қамауда болып, мұны тозаққа теңеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: