Авиакеросин бағасы неге қымбат – министр түсіндірді

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты, Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 12:34 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжілістің кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы авиакеросиннің қымбаттығына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, әуежайлар бұрын жанармай құю қызметінде монополияға ие болған.

"Бұрын монополия болды. Қазіргі таңда "ҚазМұнайАэро" – ұлттық мұнай-газ компаниясына әуежайларда тікелей "ұшақ қанатына" жанармай құюға мүмкіндік берілді. Бұл бірден бағаларды төмендетуге жол ашты. Қазір "ұшақ қанатына" жанармай құю бағасы 1200–1250 доллардан 940 долларға дейін түсті. Біздің мақсатымыз – оны тоннасына 890 долларға дейін түсіру. Бұрын монополия болған, қазір ол жойылды", – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 21 қаңтарда көлік министрі Нұрлан Саураңбаев та осы мәселеге қатысты пікір білдірген болатын.

Ал 2026 жылғы 20 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы авиакеросин бағасын "өте жоғары, көршілес мемлекеттердегі әуежай бағасымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз" деп бағалаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: