Энергетика министрі Теңіз кен орны толығымен қашан іске қосылатынын айтып берді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжіліс кулуарында Теңіз кен орнын іске қосу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр Теңіздің екі күн бұрын іске қосылғанын еске салды.
"Королев кен орны іске қосылды. Қазір өндіру деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. Кен орнында орнатылған әр түрлі қуатты 30 трансформатордың үшеуі өртеніп кетті. Бұл маңызды жабдық болатын. Бүгінде трансформаторлардың бір бөлігін қалпына келтірдік, енді кен орнын кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы газ да шықты. Менің ойымша, толық іске қосу бір апта ішінде аяқталады. Мүмкін, одан да ертерек", – деді министр.
Ерлан Ақкенженов апат салдарынан келтірілген шығын көлеміне де тоқталып кетті.
"Қаржылық шығында әртүрлі есептеу жолы бар. Онда механизм күрделі, роляти, салықтар, республика үлесі қамтылады. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, шығындардың толық көлемі есептелген соң, біз бәріне деректерді ұсынамыз. Кеше мен Chevron корпорациясының басшылығымен кездестім, бұған дейін "Теңізшевройл" компаниясымен келіссөздер жүргіздім – олар бұл көлемді қалпына келтіруге уәде берді. Сондықтан жылдық эквивалентте Қазақстан ештеңе жоғалтпайды деп айтуға болады",- деді Ақкенженов.
Бұған дейін Түркі мемлекеттерінің төтенше жағдайларда бірлесіп әрекет етуге күш біріктіретіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript