Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтанда жұмыс берушісімен жанжалдасқан азамат өзін өртемек болды

E-BURGAS, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 15:53 E-BURGAS
Полиция ер адамды аман алып қалды. Тексере келгенде, оның мас екені анықталды.

Нұр-Сұлтанда өз-өзін өртемек болған азаматты полиция құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамамен сағат 16.30 уақытында "102" шұғыл байланыс желісіне "Қабанбай батыр даңғылында орналасқан кеңсе ғимаратында белгісіз біреу үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқандығы туралы" хабарлама түскен. Оқиға орнына тез жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ер адамның арынын басып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Одан соң ол сұрақ-жауап алу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Өзіне қол салмақ болған адам өз әрекетін жұмыс берушімен жанжалдасып қалғанымен түсіндірді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам мас күйінде болған.

Осы факт бойынша, 30 жастағы елордалық азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну" және "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қаралуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: