Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқтар Ресейде отырып, қазақстандықтардың банк картасынан ақша ұрлаған

etoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 21:20 etoday.kz
Ұрланған ақша көлемі - 200 миллион теңге. Қозғалған қылмыстық іс саны - 42.

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында ТМД елдерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыспен күрес бойынша әріптестігі туралы Келісімді ратификациялау талқысында ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Марат Қожаев қазақстандықтардың банк шоттарынан қаржы жымқыру фактілерінің алдын алу ісі енді бұрынғыға қарағанда шапшаң жүретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында бұл мәселеге депутат Артур Платонов назар аудартты.

- Ресей аумағында алаяқтық жолмен және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы банк шоттарынан қазақстандықтардың ақшасы жымқырылған. Үлкен сомада әрі. 42 қылмыстық іс қозғалған. Бұлардың жайы не болды, - деп сауал тастады ол құзырлы орган өкіліне.

Өз кезегінде вице-министр шынымен де ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан Ресей аумағында жасалған қылмыстық істің тергеліп жатқанын растады.

"Бұл қылмысқа күдікті алаяқтар анықталмай жатыр. Олар желідегі жалған жарнамалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біздің азаматтардың шоттарына қол жеткізіп жүрген. Осы орайда электронды тәсілдермен қазақстандықтардың ақшасын Ресей аумағына аударған, шамамен 200 миллионға жуық ақша.

Менің білуімше, бұл қаржы Мәскеу, Санк-Петербор, Уфа және бірнеше қаланың аумағанды шығарылып алынды. Біз Минск конвенциясына сәйкес, банктерде ақшаны шығарып алған адамдарға қатысты видеоны ұсыну туралы сауал жолдадық", – деді Марат Қожаев.

Оның атап өтуінше, бұл бағыттағы рәсімдер бірнеше айға созылуда.

"Келісу рәсімдері біздің органдар арасында өткенше, кейін ҚР Бас прокуратурасы арқылы, сондан кейін РФ Бас прокуратурасынан өткізілгенше, яғни бұл атқарылатын жұмыстар шамамен екі айға жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, осы уақыт ішінде видео материалдарды сақтау мерзімі өтіп кетеді. Қазіргі кезде кейбір фактілер бойынша қажетті видео-жазбалар сақталмағаны хабарланды. Сондықтан бүгін Мәжілісте қаралған құжат осы тектес мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді", – деді Қожаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: